№137 жалпы орта білім беретін мектебі информатигінің веб-сайты шолушылары! » Шымкент қаласының білім басқармасының «№137 жалпы орта білім беретін мектебі» шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны
Шымкент қаласы
Білім басқармасының
"№137 жалпы орта білім беретін мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Әлеуметтік желі : Ютуб арнасы: Электронды поштамыз:
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №137 жалпы орта білім беретін мектебі информатигінің веб-сайты шолушылары!
16
октябрь
2019
0

№137 жалпы орта білім беретін мектебі информатигінің веб-сайты шолушылары!

№137 жалпы орта білім беретін мектебі информатигінің веб-сайты шолушылары!
Бүгінгі күнгі біздің өзекті мәселеміз – балаларды оқыту болса, оның деңгейін арттырудың тиімді жолы - білім беру жүйесінде түрлі ақпараттық технологияларды қолдану болып табылады. Ақпарат технологиясы дегеніміз — ақпаратты өңдеу үшін пайдаланылатын технологиялық құрылғылар мен әдістердің жиынтығы. Ақпараттық технологияларды қоғамымыздың барлық салаларында – басқаруда, білім беруде, өндірісте, ғылымда, тұрмыста және т.б. салаларда қолданудамыз. Осы орайда, мектеп информатигі сайтының да өз мақсаты мен міндеті бар.

Информатика пәні мұғалімі өз сайты арқылы:

- оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады;
- оқушыларды қашықтан оқыта алады;
- қосымша жеке оқығысы келетін оқушылармен жұмыс жүргізе алады;
- оқушылардың жаңа технологиялармен жұмысын ізденіске бағыттайды;
- пәннің жүргізілуін оң бағытқа дамытудың құралы бола алады;
- пән мұғалімінің портфолиосы қызметін атқара алады;
- сонымен бірге оқушылардың білім алуы мен сайттың дамуына пікірлес адамдармен кері байланыс орната алады;

Егер Сіз ғаламтор желісінде бола қалсаңыз, онда Сізді осы веб-сайттың да шолушысы болуға шақырамын! Мүмкіндігіңіз болса, балалар үшін, сайттың оқырмандары санының артуы мен дамуына да атсалысыңыз!

Оқушы! Сенің информатика пәні бойынша тереңдетілген білім алуға мүмкіндігің бар! Сонымен бірге, мектебіміздегі информатика кабинеттеріне қайта ұйымдастыру-жабдықтау жұмыстары жүргізілгеннен кейін негізгі тақырыптарды оқытудың әдістемесін ағымдағы уақыт деңгейіндегі осы заманғы әдістемеге көшіру жоспарланған.
Серікбаев Пернехан,
информатика пәні мұғалімі,
жоғары санатты, педагог-зерттеуші

Похожие публикации:

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив